Шахтерское ауылдық округінде конфессияаралық келісімді нығайтуға, діни экстремизмнің алдын алуға және діни төзімсіздік көріністеріне қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру тобының кездесуі өтті. Іс-шара барысында ақпараттық-түсіндіру тобының спикер Бексұлтанов А.А. қатысушыларға дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарын, қоғамдық келісімді, этносаралық және конфессияаралық тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығын түсіндірді. Кездесуде радикалды діни идеялардың таралуының алдын алу, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы таратылатын ақпаратқа сыни көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ халықтың діни сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар әртүрлі конфессия өкілдерінің өзара құрметі, Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы заңнамасын сақтау және дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудың маңыздылығы атап өтілді. Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі құзыретті жауаптар алды. Осындай іс-шараларды өткізу қоғамдық келісімді нығайтуға, қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk-shahter/press/news/details/1243227?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау