Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарынан құралған топ пен Жуалы ауданы ТЖБ-нің қызметкерлері Жуалы ауданы Берікқара шатқалында орналасқан “Таусамалы” және “Берікқара” жазғы сауықтыру лагерлерінде демалушы балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында балаларға өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік және төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл алгоритімдері бойынша нақты ережелер түсіндірілді. Түсіндіру жұмыстарына “Қызыл-Ай” қоғамы қызметкерлері де қатысты. Танымдық кездесуде өрт техникасы мен өрт-техникалық жабдықтардың мүмкіндіктері көрсетіліп, апаттан құтқару құралдарымен таныстыру жүргізілді
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау