Мақаншы ауданы мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына!
2026 жылдың 30 маусымында сағат 16.00-де Мақаншы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Мақаншы ауданы мәслихатының кезекті 38-сессиясының отырысы белгіленді.
Өтетін мекен-жайы: Мақаншы ауылы, Қабанбай көшесі, 6.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы сағат 15.00-де өтеді, депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 14.30-дан басталады.
Күн тәртібіне ұсынылатын мәселелер:
- Мақаншы ауданында арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету сапасы туралы;
- Техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, оларды жою мақсатында атқарылған және атқарылатын жұмыстар, және де жазғы шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы;
- Ауданға шетелдік және отандық инвестицияларды мақсатты түрде тарту барысы туралы;
- Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру туралы;
- Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының ауданды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы;
- Мақаншы ауданы аумағында «Тарбағатай» ұлттық табиғи паркінің атқарылған жұмыстары туралы;
- Депутаттық өкілеттік және этикасы, заңдылық, бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, салық, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жанұяны қорғау, жастар мен мүгедектер мәселелері, ауыл шаруашылық және экология, еңбек, сауданы дамыту, кәсіпкерлік, туризм, коммуналдық-тұрмыстық қызметтер және байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы туралы;
- Әр түрлі мәселелер.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/makanshy-maslihat/press/news/details/1243703?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау