Катонқарағай ауданындағы фестивальге шетелдік өнер жүлдыздары келеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

10-12 шілде аралығында Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтеді.

Ұйымдастырушылар биыл бұрынғыдан да мазмұнды әрі ауқымды бағдарлама ұсынбақ. Қонақтарды халықаралық айтыс, поэзиялық кездесулер, аламан бәйге, ұлттық спорт түрлері, этномәдени іс-шаралар, қолөнершілер көрмелері және ауқымды гала-концерт күтеді.

11 шілде сағат 19:00-де сахнаға Қазақстан, Әзербайжан, Мажарстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Моңғолия, Башқұртстан және Тыва Республикасынан (РФ) келген өнерпаздар шығады.

Олардың қатарында Efendi, Jax, Aizana, Алишер Байниязов, Севарахон Туланова, Мурат Япрак, Сүбедей Самдын, Hazina тобы, NOX тобы, Төреғали Төреәлі, Сармат тобы өнер көрсетеді. Кештің басты хедлайнері – Димаш Құдайберген.

Осылайша, Алтайдың баурайында түркі әлемінің музыкасы, дәстүрі, мәдениеті мен бірлігі тоғысатын үш күндік дүбірлі мереке өтпек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1243635?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version