Патрульдік полицейлер 17 тонна саңырауқұлақпен аударылған жүк көлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

18 маусым күні сағат 03:30 шамасында “Астана-Атбасар –Жақсы” автожолының 327 – ші шақырымында ауыр жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.
Алдын ала мәлімет бойынша, шамамен 17 тонна саңырауқұлақ тасымалдайтын Mercedes-Benz маркалы жүк көлігінің жүргізушісі көлік құралына ие бола алмай, нәтижесінде көлік жыраға түсіп, аударылған.
Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері келіп, бірінші кезекте жүргізушінің жағдайын сұрап, одан кейін апат болған учаскеде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдады.
Жүргізушінің түсініктемесі бойынша, жүк Ресей Федерациясынан Қостанай арқылы Астанаға жеткізілуі тиіс. Ер адам жолда демалмағанын және көлік жүргізіп ұйықтап кеткенін мойындады. Абырой болғанда апат кезінде көлікте тек өзі ғана болды. Жүк көлігінің қатты механикалық зақымдануына қарамастан, жүргізуші зардап шекпеген. Полицейлердің айтуынша, ауыр зардаптардан аман қалуы қауіпсіздік белдігін тағуы көмектескен.
Қазіргі уақытта патрульдік полицейлер оқиға орнында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жалғастыруда, жол жағдайын бақылап, жүк көлігін эвакуациялау жұмыстары аяқталғанға дейін көліктің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауда.
Жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полицейлер жүргізушілерге көлік жүргізудегі шаршау мен ұйқышылдық ауыр жол-көлік оқиғаларының ең көп тараған себептерінің бірі екенін еске салады. Ұзақ сапарлар міндетті түрде демалуды қажет етеді, бұл жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын аман сақтап қалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1244221?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version