Ақмола облысы полиция департаментінің атына аймақ тұрғынынан алғыс сөздер келіп түсті.
Департаменттің әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында оқырман “Алғыс білдіреміз! Қиындықта қалдырған жоқ! 12-13 маусымға қараған түні Зеренді-Щучинск тас жолында тұрып қалдық. Жігіттер, көп рақмет!» деген жазба қалдырды.
Белгілі болғандай, сағат 23:00 шамасында Мәлік Ғабдуллин атындағы ауыл маңында Щучинск-Зеренді автожолының 52-ші шақырымында қызметтік іссапарда болған полиция қызметкерлері жол жиегінде тұрған “Лада Гранта” көлігін көрді. Тоқтаудың себебі бензин сорғысының істен шығуы болған.
Полиция қызметкерлері көмекке асығып, сынған көлікті Щучинск қаласына жеткізді.
Азаматтарға облыстық ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, полиция аға лейтенанты Медет Төлеген, полиция лейтенанты Әділхан Сейілбек, ПД ППБ аға инспекторы полиция аға лейтенанты Әділбек Өтегенов және полиция лейтенанты Азат Ақанов көмек көрсетті.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай алғыс сөздер олардың жұмысына ең жақсы баға болып табылады.
“Азаматтардан осындай пікірлер алғанымызға өте қуаныштымыз. Кез келген жағдайда біз адамдарға көмектесуге тырысамыз. Біз үшін өңір тұрғындары мен қонақтарының қолдау мен қауіпсіздік сезінуі маңызды”, – деп атап өтті Әділбек Өтегенов.
Өңір тұрғыны полиция қызметкерлеріне қиын жағдайда көмек көрсетіп, жанашырлық танытқандары үшін алғысын білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1244220?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау