«Қазақ өнерінің дара тұлғасы»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақ театр және кино өнерінің көрнекті өкілі, КСРО халық әртісі Фарида Шарипованың туғанына 90 жыл толуына орай Алмалы ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Қазақ өнерінің майталманы» атты тақырыпта ақпарат сағаты өткізілді.
Шара барысында кітапханашы Фарида Шарипованың өмірбаянына тоқталып, оның өнердегі дара жолы туралы кеңінен әңгімеледі.
Ақпарат сағатында актрисаның сахнадағы және кинодағы шеберлігі ерекше аталып өтті.
Кеш барысында оқырмандарға актрисаның өмірі мен шығармашылығына арналған видио көрсетіліп, театр және кино әлеміндегі еңбектері туралы мәліметтер берілді.
Шара соңында оқырмандар қазақ өнерінің дамуына өлшеусіз еңбек сіңірген дара тұлғаның өнегелі өмірі мен өнері кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі болатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/1243078?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version