Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы еңбек саласындағы құқықтар мен мүмкіндіктердің теңдігіне кепілдік береді.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 6-бабының 2-тармағына сәйкес, Ешкімді де еңбек құқықтарын іске асыру кезінде шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене кемістіктеріне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты немесе өзге де мән-жайлар бойынша ешқандай кемсітуге болмайды.
Жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс беруші үміткерді оның біліктілігіне, біліміне, кәсіби білімі мен жұмыс тәжірибесіне қарай бағалауы тиіс.
Есте сақтау маңызды: жұмысқа қабылдаудан бас тарту тек бос жұмыс орнының талаптарына және үміткердің кәсіби қасиеттеріне ғана негізделуі керек.
Жұмысқа орналасу кезіндегі тең мүмкіндіктер – әділ еңбек қатынастарының негізі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/news/details/1243077?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау