«Жаз-2026» жазғы «Digital Ұрпақ camp» сауықтыру лагерінің демалушылары үшін «Әжелер мектебі мен лагерь: ұрпақтар сабақтастығы» бауырсақ fest шарасы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шараға «Әжелер мектебінің» ақ жаулықты әжелері қатысып, балалармен бірге қазақ халқының ұлттық тағамы – бауырсақ дайындаудың қыр-сырымен бөлісті.

Іс-шара барысында әжелер балаларға қамыр илеу, бауырсақты дұрыс қалыптау және пісіру тәсілдерін үйретіп, ұлттық тағамның тарихы мен тәрбиелік мәні туралы әңгімеледі. Балалар үлкендердің ақыл-кеңесін тыңдап, өз қолдарымен бауырсақ әзірлеуге белсене қатысты.

Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, халқымыздың салт-дәстүрлерін насихаттау, үлкенді құрметтеу мен еңбекке баулу, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын нығайту болды.

Піскен бауырсақтан дәм татып, өз еңбектерінің нәтижесін көрген балалар ерекше қуанышқа бөленді. Әжелер мен балалар арасындағы жылы қарым-қатынас, шынайы әңгіме мен ортақ еңбек мерекелік көңіл-күй сыйлап, шараның маңызын арттыра түсті.

Осындай тағылымды кездесулер арқылы ұлттық мұрамыз дәріптеліп, жас ұрпақтың туған халқына, оның мәдениеті мен дәстүріне деген сүйіспеншілігі арта түседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhelezin-bilim/press/news/details/1243752?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version