
Шараға «Әжелер мектебінің» ақ жаулықты әжелері қатысып, балалармен бірге қазақ халқының ұлттық тағамы – бауырсақ дайындаудың қыр-сырымен бөлісті.
Іс-шара барысында әжелер балаларға қамыр илеу, бауырсақты дұрыс қалыптау және пісіру тәсілдерін үйретіп, ұлттық тағамның тарихы мен тәрбиелік мәні туралы әңгімеледі. Балалар үлкендердің ақыл-кеңесін тыңдап, өз қолдарымен бауырсақ әзірлеуге белсене қатысты.
Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, халқымыздың салт-дәстүрлерін насихаттау, үлкенді құрметтеу мен еңбекке баулу, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын нығайту болды.
Піскен бауырсақтан дәм татып, өз еңбектерінің нәтижесін көрген балалар ерекше қуанышқа бөленді. Әжелер мен балалар арасындағы жылы қарым-қатынас, шынайы әңгіме мен ортақ еңбек мерекелік көңіл-күй сыйлап, шараның маңызын арттыра түсті.
Осындай тағылымды кездесулер арқылы ұлттық мұрамыз дәріптеліп, жас ұрпақтың туған халқына, оның мәдениеті мен дәстүріне деген сүйіспеншілігі арта түседі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhelezin-bilim/press/news/details/1243752?lang=ru

Жауап қалдыру