Семей қаласының полициясына 47 жастағы жергілікті тұрғын ұрлық фактісі бойынша арызбен жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, 2026 жылғы 1 мамырда белгісіз ер адам қаладағы дәмханалардың бірінде еркін қолжетімділікті пайдаланып, үстелде тұрған Samsung Galaxy A31 маркалы ұялы телефонды жасырын түрде ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын көлемі 98 000 теңгені құрады.
Оқиға орнынан саусақ іздері мен бейнебақылау камераларындағы жазбалар алынған. Аталған дерек бойынша «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге келу міндеттемесі түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылды.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1244533?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау