23 маусым – Қазақстан полициясы күніне орай мерекелік концерттік бағдарлама өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹Қазақстан полициясы күні қарсаңында Атырау қаласындағы Жайық өзенінің жағалауында мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

🔹Іс-шараға Атырау облысының күштік құрылымдарының қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері, ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты. Мерекелік кеш барысында патриоттық әндер шырқалып, шығармашылық ұжымдардың өнері көпшілік назарына ұсынылды.

🔹Концертті тамашалағандардың қатарында Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері де болды. Шара қатысушылары көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған мәдени бағдарламаны жоғары бағалады.

🔹Мерекелік іс-шараның басты мақсаты – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қоғамдағы рөлін дәріптеу, халық пен құқық қорғау органдары арасындағы өзара сенімді нығайту және ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы қызметтің маңызын насихаттау.

🔹Қазақстан полициясы күніне арналған мерекелік кеш тұрғындар мен қонақтарға ерекше әсер қалдырып, патриоттық рухты нығайтуға өз үлесін қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisatyrau/press/news/details/1244939?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version