Тергеп-тексеру қорытындысы:
2026 жылғы 26 мамырда сағат 20:00-де «DDD 18 region» жеке кәсіпкерінің қызметкерімен ауыр зардапқа әкелген жазатайым оқиға орын алды.
Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшін Департамент тарапынан комиссия құрылып, арнайы тергеп-тексеру жүргізілді. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша аталған оқиға өндірістік қызметпен байланысты деп танылды.
Тергеп-тексеру қорытындылары бойынша, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 190-бабының 10-тармағына сәйкес, арнайы тергеп-тексеру материалдарының көшірмелері мемлекеттік еңбек инспекторы тарапынан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Абай облысы Полиция департаментінің Семей қаласы Полиция басқармасы мемлекеттік мекемесіне жолданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/news/details/1244940?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау