Төрағаның медицина қызметкері күнімен құттықтауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

 

Ақмола облысының депутаттық корпусының атынан сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Осы мерекелі күні адамға қызмет етудің жоғары миссиясын таңдап, ізгілік пен жанашырлыққа негізделген асыл мамандықты таңдаған медицина қауымдастығының барлық өкілдеріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Дәрігердің емханада немесе көшпелі жағдайда еңбек етуіне, ауылдық амбулаторияда қызмет атқаруына не күрделі операциялар жасауына қарамастан, әрбір медицина қызметкерінің еңбегі қоғам үшін баға жетпес құндылық. Өйткені сіздерге адам өмірі мен денсаулығы сияқты ең қымбат аманат сеніп тапсырылған.

Сіздер күн сайын жүздеген науқасты қабылдап, мыңдаған жедел медициналық көмек шақыртуларына қызмет көрсетесіздер, күрделі хирургиялық оталар жасап, еліміздің жаңа азаматтарының дүниеге аман-есен келуіне ықпал етесіздер. Бұл жетістіктер қазақстандық дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің жоғары кәсібилігінің, өз ісіне адалдығы мен жанқиярлық еңбегінің айқын дәлелі болып табылады.

Бүгінде мемлекеттің қолдауының арқасында Ақмола облысында денсаулық сақтау жүйесі қарқынды дамып келеді: жаңа дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер ашылып, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы нығайтылуда.

Ауылдық жерлерге медициналық кадрларды тарту және оларды тұрақтандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Облыстық мәслихат медициналық қызметкерлерді әлеуметтік қолдау шараларын бекітті. Депутаттық корпустың қолдауымен мамандардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің көлемі ұлғайтылып, бұл ауылдық елді мекендерде еңбек етуге деген қызығушылықтың артуына ықпал етуде.

Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!

Сіздерге қажырлы әрі жанқиярлық еңбектеріңіз, жоғары кәсібиліктеріңіз, таңдаған мамандықтарыңызға адалдықтарыңыз, мейірімділіктеріңіз бен жанашырлықтарыңыз үшін зор алғысымды білдіремін. Баршаңызға мықты денсаулық, амандық, бақ-береке, отбасылық бақыт, жаңа кәсіби жетістіктер, халықтың құрметі мен ризашылығын тілеймін. Ерен еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, ел игілігіне қызмет ете берсін!

 

Бейбіт Жүсіпов,

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-aqmola/press/news/details/1244941?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version