Бөрлі ауданында әдістемелік көмек көрсетіліп, «Жайлы мектеп» жобасына мониторинг жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бөрлі ауданында әдістемелік көмек көрсетіліп, «Жайлы мектеп» жобасына мониторинг жүргізілді

Bitrix және Aimaq07 ақпараттық жүйелері бойынша Бөрлі ауданында әдістемелік көмек көрсетілді.

Кездесуге аудан әкімдігінің өкілдері мен жауапты мамандар қатысты. Іс-шара барысында жүйелерді тиімді пайдалану жолдары түсіндіріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Әдістемелік көмекті БҚО жобалық кеңсесінің басшысы Сұлтанғалиев М. және жобалық басқару бөлімінің басшысы Хайруллин Б. көрсетті.

Сонымен қатар, Бөрлі ауданының Ақсай қаласында жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы құрылыс жұмыстары бойынша мониторинг жүргізілді.

Жоба шеңберінде салынып жатқан мектеп нысанына барып, құрылыс жұмыстарының орындалу барысымен танысу жұмыстары жүзеге асырылды. Сондай-ақ жобалық кеңсе тарапынан бақылау жүргізіліп, құрылысқа қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.

Аталған жұмыстар Қазақстан Республикасының Ұлттық жобалық офисімен, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамымен және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылып, жоба бойынша қажетті үйлестіру және әдістемелік жұмыстар жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-informatization/press/news/details/1244937?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version