«№ 6 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында отбасын қолдау орталығының психологы Н.А. Пустовалова зорлық-зомбылықсыз тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналармен ақпараттық кездесу өткізді.
Іс-шараның мақсаты–ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру, балалармен сындарлы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру және отбасындағы жанжалдардың алдын алу.
Кездесу барысында ата-аналар мен балалар арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтуға, жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге, құрмет пен қолдауға негізделген қарым-қатынас қағидаттары қаралды.
Ата-аналарға балаларды тәрбиелеу және отбасында қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру бойынша практикалық ұсыныстар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1244952?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау