Фармацевтикалық қызметке лицензия алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1. Фармацевтикалық қызметке лицензия алу

Көрсетілетін қызметті алушы ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаментіне ұсынады:

1️⃣ eLicense/eGov порталы арқылы өтініш;

2️⃣ Біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер (ҚР ДСМ № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығына сәйкес);

3️⃣ Бюджетке мемлекеттік бажды төлеу — 10 АЕК (2026 жылы – 43 250 теңге).


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Жеке кабинет

  • Өтініш пен құжаттар порталға түскен күні тіркеледі.
  • Өтініштің қаралу мәртебесі «Жеке кабинетте» көрсетіледі.

Құжаттардың толықтығын тексеру

  • Алғашқы 2 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толықтығы тексеріледі.

Өтінішті қарау

  • Келесі 13 жұмыс күні ішінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі қаралады.
  • Қорытындысы бойынша лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.

Лицензия беру

  • Лицензия Департамент басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түрінде «Жеке кабинетке» жіберіледі.

3. Дәлелді бас тарту

Тексеру барысында:

  • құжаттардың толық ұсынылмауы;
  • мерзімі өткен құжаттардың болуы;
  • біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі анықталуы мүмкін.

Бұл жағдайда қызмет алушының «Жеке кабинетіне» дәлелді бас тарту жіберіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болған кезде:

1️⃣ тыңдау туралы хабарлама кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі;

2️⃣ тыңдау рәсімі кемінде 2 жұмыс күні ішінде өткізіледі.

Тыңдау рәсімі ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.


4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

• Фармацевтикалық қызметке лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру — 15 жұмыс күні, мемлекеттік баж — 10 АЕК (2026 жылы – 43 250 теңге).

• Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу — 3 жұмыс күні, мемлекеттік баж — 1 АЕК (2026 жылы – 4 325 теңге).

• Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру — 15 жұмыс күні, мемлекеттік баж — 10 АЕК (2026 жылы – 43 250 теңге).

• Фармацевтикалық практикадан өту үшін маман сертификатын беру — 5 жұмыс күні, тегін.


5. Фармацевтикалық инспекторат және мемлекеттік қызметтер бөлімі

Бөлім 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  • фармацевтикалық қызметке лицензия беру;
  • есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметке лицензия беру;
  • тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен медициналық техниканы әкелуге (әкетуге) келісім немесе қорытынды беру;
  • дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы маман сертификатын беру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-astana/press/news/details/1244540?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version