
1. Фармацевтикалық қызметке лицензия алу
Көрсетілетін қызметті алушы ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаментіне ұсынады:
1️⃣ eLicense/eGov порталы арқылы өтініш;
2️⃣ Біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер (ҚР ДСМ № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығына сәйкес);
3️⃣ Бюджетке мемлекеттік бажды төлеу — 10 АЕК (2026 жылы – 43 250 теңге).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Жеке кабинет
- Өтініш пен құжаттар порталға түскен күні тіркеледі.
- Өтініштің қаралу мәртебесі «Жеке кабинетте» көрсетіледі.
Құжаттардың толықтығын тексеру
- Алғашқы 2 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толықтығы тексеріледі.
Өтінішті қарау
- Келесі 13 жұмыс күні ішінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі қаралады.
- Қорытындысы бойынша лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.
Лицензия беру
- Лицензия Департамент басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түрінде «Жеке кабинетке» жіберіледі.
3. Дәлелді бас тарту
Тексеру барысында:
- құжаттардың толық ұсынылмауы;
- мерзімі өткен құжаттардың болуы;
- біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі анықталуы мүмкін.
Бұл жағдайда қызмет алушының «Жеке кабинетіне» дәлелді бас тарту жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болған кезде:
1️⃣ тыңдау туралы хабарлама кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі;
2️⃣ тыңдау рәсімі кемінде 2 жұмыс күні ішінде өткізіледі.
Тыңдау рәсімі ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері
• Фармацевтикалық қызметке лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру — 15 жұмыс күні, мемлекеттік баж — 10 АЕК (2026 жылы – 43 250 теңге).
• Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу — 3 жұмыс күні, мемлекеттік баж — 1 АЕК (2026 жылы – 4 325 теңге).
• Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру — 15 жұмыс күні, мемлекеттік баж — 10 АЕК (2026 жылы – 43 250 теңге).
• Фармацевтикалық практикадан өту үшін маман сертификатын беру — 5 жұмыс күні, тегін.
5. Фармацевтикалық инспекторат және мемлекеттік қызметтер бөлімі
Бөлім 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
- фармацевтикалық қызметке лицензия беру;
- есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметке лицензия беру;
- тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен медициналық техниканы әкелуге (әкетуге) келісім немесе қорытынды беру;
- дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы маман сертификатын беру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-astana/press/news/details/1244540?lang=ru

Жауап қалдыру