Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Нүгертаеваның төрағалығымен мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Отырысқа мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында мүгедектіктің алдын алу және оны ерте анықтау бағдарламаларына ерекше назар аударылды. Әкім орынбасары бұл шараларды мүгедектік деңгейін төмендетудің негізгі тетігі деп атап өтіп, медициналық ұйымдар, әлеуметтік қызметтер және отбасылар арасындағы тығыз ынтымақтастықтың маңыздылығын ерекше айтты.
Кеңес қорытындысында Айгүл Бексұлтанқызы барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктер жасау және олардың өмір сүру сапасын жақсарту жергілікті атқарушы биліктің басым міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ осы мақсатқа қол жеткізу үшін барлық тараптардың бірлескен жұмысы қажет екенін жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sobes-kokshetau-akmo/press/news/details/1244782?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау