Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Жастар комиссиясының мүшесі, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, мемлекеттік қызметшілер мен жастар белсенділерінің қатысуымен Мамлют ауданында адам құқықтарын қорғау және ұлттық құқық қорғау тетіктерінің қызметі мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың негізгі халықаралық және ұлттық кепілдіктері қарастырылды. Қатысушыларға Қазақстан Республикасындағы азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық негіздері, сондай-ақ осы саладағы негізгі халықаралық құжаттар, оның ішінде Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт жөнінде ақпарат ұсынылды. Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің азаматтардың өтініштерін қарайтын және бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге жәрдемдесетін қызметі, сондай-ақ жабық мекемелердегі адамдарды ұстау жағдайларына мониторинг жүргізіп, қатыгездік пен азаптаулардың алдын алуды жүзеге асыратын Ұлттық превентивтік механизм қатысушыларының жұмысы туралы ақпарат берілді.
Ұлттық превентивтік механизмнің қатысушысы С.А. Крутоус мониторингтік сапарлар тәжірибесі, анықталатын мәселелер және жабық мекемелердегі адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар туралы баяндады.
Сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарына жүргізілетін мониторингтік сапарлар туралы ақпарат ұсынылды. Мұндай сапарлар ұстау және тұру жағдайларын, азаматтардың құқықтарының сақталуын, сондай-ақ көрсетілетін медициналық және әлеуметтік қызметтердің сапасын бағалауға бағытталған.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік Рухы» Жастар комиссиясының қызметі жеке мәселе ретінде қарастырылды. Комиссияның жастарды құқық қорғау қызметіне, мониторингтік және сараптамалық жұмысқа тартуға, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге ықпал ететіні атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/1244784?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау