Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Денсаулық сақтау саласы – үлкен жауапкершілік пен адам өміріне деген ерекше жанашырлықты талап ететін аса маңызды мамандықтардың бірі. Сіздер күн сайын адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтап, қоғамның әл-ауқатын арттыру жолында аянбай еңбек етіп келесіздер.
Дәрігерлер, орта және кіші буын медицина қызметкерлері, жедел жәрдем мамандары – баршаңыздың еңбектеріңіз құрмет пен алғысқа лайық. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз, адамгершілік қасиеттеріңіз бен адал қызметтеріңіздің арқасында мыңдаған адам дер кезінде көмек алып, сауығып, өмірге деген сенімін қайта табуда.
Орал қаласының денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген барлық мамандарға тұрғындардың денсаулығын нығайту жолындағы жанқияр еңбектері үшін ерекше ризашылығымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен толағай жетістіктер тілеймін. Халық игілігі жолындағы абыройлы қызметтеріңіз әрдайым жемісті болсын!
Орал қаласының әкімі
М.Байменов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1244809?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау