«Таза Қазақстан» акциясы аясында ШҚО-да рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ШҚО-да рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталды

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ШҚО Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп, табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға бағытталған іс-шаралар өткізді.

Меновное және Аблакетка елді мекендерінің аумағын тексеру барысында өңірдің санитарлық жағдайы мен экологиялық ахуалына кері әсерін тигізетін рұқсат етілмеген тұрмыстық қатты қалдықтар үйінділерінің орналасу фактілері анықталды.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша жергілікті атқарушы органның атына абаттандыру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыным енгізілді.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті экологиялық талаптарды сақтау және тазалықты ұстау әрбір азаматтың міндеті екенін еске салады.

Экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы тұрақты негізде жалғасатын болады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1244826?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version