Кездесу барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ өңір тұрғындарының өтініштері мен жүйелі құқық қорғау проблемаларына жедел ден қою тетіктері талқыланды.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде ұсталатын адамдардың құқықтарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қорғау нұсқамаларын орындау, жетім балалар мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері қарастырылды. Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта қалыптастыру, еңбек заңнамасының бұзылу фактілері де талқыланды.
Өзара іс-қимылды одан әрі нығайту, ақпаратпен жедел алмасу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар жастар арасында құқықтық ағарту жұмыстарын жүргізу, заң үстемдігі қағидаттарын және «Адал азамат» тұжырымдамасының құндылықтарын ілгерілету мәселелері жеке талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/1244813?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау