2026 жылғы 17 маусымда Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Вагон-Сервис» АҚ филиалы қызметкерлеріне созылмалы обструктивті өкпе ауруының (СОӨА) алдын алу тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында СОӨА-ның негізгі себептері, қауіп факторлары және оның алдын алу жолдары түсіндірілді. Қатысушыларға темекі шегуден бас тарту, зиянды өндірістік факторлардың әсерін азайту, тыныс алу жолдары ауруларын дер кезінде емдеу және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің денсаулыққа жауапкершілігін арттыру және созылмалы аурулардың алдын алу бойынша ақпараттандыру жұмыстарын күшейту.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1244812?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау