СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✔️Ордабасы ауданында аудан әкімдігі аппаратында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
✔️Жиын барысында өңірде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мәселелері қаралды.
✔️Күн тәртібінде мәдениет және спорт салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, квазимемлекеттік сектордағы комплаенс қызметінің жай-күйі, сондай-ақ кәсіпкерлік саласындағы әкімшілік кедергілерді азайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
✔️Жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев төрағалық етіп, аудан әкімдігі аппаратының басшысы, құқық қорғау органдарының өкілдері, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
✔️Отырыста тиісті сала басшылары атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, өз салаларындағы өзекті мәселелер мен жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар ауылдық округ әкімдері жер телімдерін беру және кезектілікті қалыптастыру барысы туралы ақпарат ұсынды.
✔️Жиын қорытындысында аудан әкімі мемлекеттік органдар қызметінде ашықтық пен жариялылық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1244550?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version