Құрметті қала тұрғындары!
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының 6 сектор тұрғындарымен кезекті кездесулері өтетінін хабарлаймыз.
Кездесулердің мақсаты – тұрғындарды толғандырған мәселелерді тыңдап, ұсыныс-пікірлерін қабылдау, сондай-ақ қаладағы инфрақұрылым, абаттандыру, коммуналдық қызмет, қоғамдық көлік, әлеуметтік сала және өзге де маңызды бағыттар бойынша ашық пікір алмасу.
Құрметті тұрғындар!
Қала өміріне қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді білдіру үшін кездесулерге белсенді қатысуға шақырамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1244551?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау