Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы 2026 жылғы 8 маусымнан 10 маусым аралығында, 2026 жылғы 1 жартыжылдыққа бекітілген тізімге сәйкес Шығыс Қазақстан облысы, Үлкен Нарын ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан көшесі, 109 мекенжайында орналасқан «Үлкен Нарын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізді.
Тексеру барысында, меншік нысанына қарамастан, арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын жергілікті атқарушы органдардың қызметіне қатысты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағына сәйкес бұзушылықтар және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз ететін меншік нысанына қарамастан субъектілерге (ұйымдарға) қатысты мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы бөлігіне сәйкес бұзушылық анықталды.
Тексеру нәтижесінде «Үлкен Нарын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне орындау мерзімін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Сондай-ақ, бөлім басшысы Үлкен Нарын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарымен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді кедергісіз орта құру және де техникалық оңалту құралдарының жаңа механизмі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қатысушылардың барлық сұрақтарына жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-vko/press/news/details/1244615?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау