2026 жылғы 19 маусым күні шамамен сағат 15:05-те №58 мекемесінде алдын ала алынған жедел ақпаратты іске асыру шеңберінде жедел-режимдік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара барысында мекемеге ұзақ мерзімді кездесу үшін келген азаматша Қ-ның жазасын өтеуші Д-мен кездесуіне байланысты алып келген жеке заттары мен азық-түлік сәлемдемелеріне мекеме қызметкерлері мен ВЧ-5513 әскери бөлімінің бақылау-өткізу тобы бірлесіп тексеру жүргізді.
Тексеру барысында қара түсті полиэтилен пакет ішінен, құрғақ сүт өнімдерінің арасына жасырылған тыйым салынған заттар анықталды. Атап айтқанда, қораптарға салынған күйде жалпы саны 6 (алты) дана ұялы телефон табылып, тәркіленді.
Аталған азаматшаға мекеме аумағына тыйым салынған заттарды алып кіруге қатаң тыйым салынатыны, сондай-ақ мұндай заттарды өз еркімен тапсыру тәртібі туралы заңнама талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы (СОГ ОП УП №1, Тараз қ.) шақырылды. Сонымен қатар дерек бойынша кезекші бөлімге, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне және облыс прокуратурасына тиісті хабарлама жолданды.
Тәркіленген тыйым салынған заттар тиісті тәртіпке сәйкес рәсімделіп, материалдық дәлелдеме ретінде тіркеуге алынды.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған заттарды заңсыз алып кіру әрекеттерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Мекеме аумағындағы қауіпсіздік режимін сақтау және бақылау шаралары күшейтілген тәртіпте жүзеге асырылуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duiszhambyl/press/news/details/1244616?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау