Анықтау қызметінің қызметкерлері ішкі істер органдарының ардагерімен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Анықтау қызметінің қызметкерлері ішкі істер органдарының ардагерімен кездесті

Қазақстан Республикасы Полиция күні қарсаңында Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қазбек Тақжанов Анықтау басқармасының қызметкерлерімен бірге ішкі істер органдарының ардагері, еңбек жолын тергеу және анықтау саласындағы қызметке арнаған Серік Ғабдулқапұлы Рахимжановқа құрмет көрсетті.

Кездесу барысында Қазбек Тақжанов ардагерге көп жылғы мінсіз қызметі, мамандығына деген адалдығы және ішкі істер органдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғысын білдірді.

Серік Ғабдулқапұлы ішкі істер органдарындағы еңбек жолын КСРО ІІМ Алматы академиясын тәмамдағаннан кейін бастаған. Қызмет жылдары ішінде жас маманнан тәжірибелі басшыға дейінгі жолдан өтіп, құқық қорғау саласында мол тәжірибе жинақтады. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңінде ол қазақстандық полицияның құрылуы мен дамуына өз үлесін қосып, оның қызметін жетілдіру бағытындағы маңызды жұмыстарға белсене қатысты.

Жылы жүздесуде ардагер қызметтік өміріндегі жарқын естеліктерімен бөлісіп, кәсіби қызметінің маңызды кезеңдері туралы әңгімелеп, жас қызметкерлерге ақыл-кеңесін айтты.

Мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ішкі істер органдарының бай тарихына деген құрметті арттыруға және Қазақстан полициясының үздік дәстүрлерін дәріптеуге ықпал етеді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1245977?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version