Ақмола облысы әкімінің өкімімен облыстық мәдениет басқармасының басшысы болып Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы тағайындалды Нұрғиса Дәуешов Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Орал қаласындағы Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының әртісі болып бастады.
2009-2013 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді.
2013-2019 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің директоры болды.
2019-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымында қызмет етті.
2023-2026 жылдары «Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы» РММ директорының кеңесшісі болып жұмыс істеді.
Тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының директоры қызметін атқарды.
Нұрғиса Мұратұлы Дәуешов «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын иеленген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1245976?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау