БОЧЧАДАН ӘЛЕМ КУБОГЫ: ЛОС-АНДЖЕЛЕС ПАРАЛИМПИАДАСЫНА ЖОЛ АШАТЫН ДОДА.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада алғаш рет өтіп жатқан боччадан халықаралық беделді «Astana 2026 World Boccia Cup» турниріне «Жетісу облысының Бочча федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті  Гүлнар Тойлыбаева барып, доданың алғашқы қорытындыларымен және параспортшыларымыздың тартысты бәсекесімен танысты.

Елімізде инклюзивті қоғам құру және параспортты дамыту – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси бағдарының маңызды басымдығы. Осы орайда, елордада ашылған бірегей Инклюзивті спорт орталығының озық тәжірибесі Президентіміздің тапсырмасымен алдағы уақытта басқа өңірлерде, соның ішінде біздің Жетісу өлкесінде де кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.

2 маусымда басталған Әлем кубогы 9 маусымға дейін жалғасады. Бұл жарыс – Лос-Анджелес Паралимпиадасына жолдама беретін маңызды кезең. Алғашқы нәтижелер көңіл қуантады! Дүбірлі додада ел намысын қорғап жатқан 10 отандасымызға толағай табыстар мен жеңіс тілейміз! Спортшыларымыздың рухы асқақ, қадамы сәтті болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1246906?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version