Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

23 маусым күні Қордай аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынды кеңес төрағасы Н.Молдабеков ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.

Отырыстың күн тәртібінде екі маңызды мәселе қаралды.

Алғашқы мәселе бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жазғы кезеңдегі шомылу маусымы мен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарған жұмыстары зерделенді. Бөлім басшысы аудан аумағындағы су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін сақтау, рұқсат етілмеген жерлерде шомылудың алдын алу, сондай-ақ тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша атқарылған іс-шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында жүргізілген профилактикалық жұмыстар, рейдтік іс-шаралар мен тұрғындарға берілген ескертулер жайы сөз болды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысына арналды. Қордай аудандық мансап орталығының қызметі, жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту, кәсіптік оқыту, жастар тәжірибесі, қоғамдық жұмыстар және басқа да мемлекеттік қолдау шараларының жүзеге асырылу деңгейі талқыланды. Мансап орталығы басшысы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, алдағы кезеңге жоспарланған міндеттерді таныстырды.

Қоғамдық кеңес мүшелері қаралған мәселелер бойынша өз пікірлерін білдіріп, бірқатар ұсыныстар мен ескертулер айтты. Талқылау қорытындысы бойынша тиісті мекемелерге нақты ұсыныстар беріліп, олардың орындалуын бақылауда ұстау туралы айтылды.

Отырыс соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-korday/press/news/details/1246907?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version