«Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы аумағында 24-26 маусым аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы, Шымкент қаласының Патрульдік полиция полкі қызметкерлері және жеке сот орындаушылары бірлесіп қатысуда.

Іс-шараның негізгі мақсаты – әкімшілік айыппұлдар мен басқа да берешектері бар азаматтарды анықтау, өндіріп алу жұмыстарын жүргізу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

 Құрметті азаматтар! Уақытылы төленбеген айыппұлдар мен берешектердің орындалуын кейінге қалдырмай, заң талаптарын сақтауға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1247905?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version