Аудан әкімі Е.Қ. Жаров Тимирязев ауданының мектепті үздік аяқтап, «Алтын белгі» иегері атанған түлектермен кездесті.
Кездесу барысында аудан басшысы түлектерді жоғары жетістіктерімен құттықтап, олардың табысы — қажырлы еңбектің, білімге деген ұмтылыстың және ұстаздар мен ата-аналардың қолдауының нәтижесі екенін атап өтті.
Аудан әкімі жастарға алдағы өмір жолында сәттілік, өз күшіне сенімділік, дұрыс таңдау жасап, биік белестерді бағындыруды тіледі. Сонымен қатар, жас ұрпақ аудан мен елдің болашағы, зор үміті екенін ерекше атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-timiryazev/press/news/details/1247924?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау