ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР БАЛАЛАРҒА САТЫЛМАЙДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығымен бекітілген «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу» Қағидаларының 16-2-тармағына сәйкес, Дәрі-дәрмектер балаларға сатылмайды.
Дәріханалық ұйымдар тарапынан балаларға дәрі-дәрмек сату фактілері анықталған жағдайда келесі жауапкершілік шаралары қарастырылған.
Назар аударыңыз!
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығымен бекітілген «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу» Қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Атап айтқанда:
жеке тұлғаларға – жетпіс;
лауазымды адамдарға – жүз;
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз отыз;
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз;
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МАҢЫЗДЫ!
Балалардың дәріханадан дәрі-дәрмектерді өз бетінше сатып алуы олардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Оның салдары денсаулыққа зиян келтіруі ықтимал. Сондықтан балаларға дәрі-дәрмектерді өткізуге жол берілмейді.
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын» сақтаудың маңыздылығын ескертеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-mangistau/press/news/details/1246808?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version