ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР БАЛАЛАРҒА САТЫЛМАЙДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығымен бекітілген «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу» Қағидаларының 16-2-тармағына сәйкес, Дәрі-дәрмектер балаларға сатылмайды.
Дәріханалық ұйымдар тарапынан балаларға дәрі-дәрмек сату фактілері анықталған жағдайда келесі жауапкершілік шаралары қарастырылған.
Назар аударыңыз!
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығымен бекітілген «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу» Қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Атап айтқанда:
✔️жеке тұлғаларға – жетпіс;
✔️лауазымды адамдарға – жүз;
✔️шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз отыз;
✔️орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз;
✔️ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МАҢЫЗДЫ!
Балалардың дәріханадан дәрі-дәрмектерді өз бетінше сатып алуы олардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Оның салдары денсаулыққа зиян келтіруі ықтимал. Сондықтан балаларға дәрі-дәрмектерді өткізуге жол берілмейді.
🔴ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын» сақтаудың маңыздылығын ескертеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-mangistau/press/news/details/1246808?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді