Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бастамасымен ұйымдастырылған ауқымды «Халық бухгалтері» акциясының қорытындыларын шығарды. 2026 жылдың алғашқы 6 айында бұл жоба мемлекет, бизнес және сарапшылар арасындағы ашық диалогтың тиімді алаңына айналды.
Бірінші жартыжылдықтың негізгі көрсеткіштері:
• 11 000 кәсіпкер мен қала тұрғыны білікті көмек алды.
• Алматы қаласының 8 кәсіби бухгалтерлер ұйымы күш біріктірді.
• 22 жетекші сарапшы күн сайын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Акция қорытындыларының дәл бүгін – 23 маусымда, Мемлекеттік қызметші күні шығарылғаны ерекше мәнге ие!
Осы мерекелі күні заманауи мемлекеттік қызмет пен бизнестің қоғам игілігі жолында бірлесіп жұмыс істейтін біртұтас команда екенін іс жүзінде дәлелдеген жандарға шынайы алғыс сөздері айтылды.
«Акция ашық диалогтың қаншалықты сұранысқа ие екенін көрсетті. Бүгінде салықтық әкімшілендіру – бақылау ғана емес, ең алдымен сервис, серіктестік және өзара сенім», – деп атап өтті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары К. Сухамбеков.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1247024?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау