КЕЛЕСТЕ ЖЫЛЫНА 8 МЫҢ ТОННА ҚАЛДЫҚТЫ СҰРЫПТАУҒА МҮМКІНДІК ТУАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Келес ауданында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев берген тапсырмаға сәйкес, аудан аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын талапқа сай ретке келтіру, олардың инфрақұрылымын жақсарту және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қолға алынды.
Келес ауданында жалпы 7 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны жұмыс істейді. Полигондар аудан әкімдігіне қарасты «Келес-Қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде. Аудан орталығы Абай ауылындағы полигонның аумағын кеңейту мақсатында қосымша 20 гектар жер учаскесі бөлініп, оның жалпы көлемі 24 гектарға жеткізілді. Қазіргі таңда аталған аумақтың экологиялық мақсаттағы жер телімі ретінде қажетті құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Ауданда тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жүйесін дамыту бағытында да жұмыстар атқарылуда. Осы мақсатта Абай ауылындағы қоқыс полигонын сенімгерлік басқаруға беру мәселесі қарастырылып жатыр. Жоба іске асқан жағдайда жылына 8 мың тоннаға дейінгі қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап өңдеу мүмкіндігі қалыптасады.
Сондай-ақ аудандық бюджет есебінен Ошақты және Бозсу елді мекендеріндегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, полигон аумақтары қоршалып, жарықтандыру жүйелері орнатылып, нысандарды қолданыстағы талаптарға сәйкестендіру жұмыстары атқарылды.
Бүгінде Бірлік, Қошқарата, Ошақты және Ақтөбе ауылдық округтерінде орналасқан полигондарда тазалық жұмыстарын күшейту, заңсыз қоқыс үйінділерінің алдын алу және экологиялық талаптарды сақтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1245570?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version