Кешкі рейд: профилактика және қауіпсіздік
📍 Сырым аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен аудан орталығы мектептерінің педагогтері мен аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешкі рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
👮♂️👩🏫 Рейд барысында жасөспірімдердің қоғамдық орындарда жүруі, қауіпсіздік талаптарын сақтауы және заң талаптарының орындалуы бақылауға алынды. Түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ата-аналарға жауапкершілік мәселелері бойынша ескертулер берілді.
⚖️ Мұндай профилактикалық шаралардың басты мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-syrym/press/news/details/1247526?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау