Заң Жүзден аса тұрғын құқықтық көмек алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жүзден аса тұрғын құқықтық көмек алды

 
 Автор
Облысымызда тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Заң мен тәртіп» профилактикалық керуенінің жұмысы жалғасуда.

Мобильді топ құрамына әкімшілік полиция, көші-қон қызметі, қоғамдық қауіпсіздік, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, киберполиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кірген.

Мамандар көшпелі қабылдаулар өткізіп, қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіріп, азаматтарға түрлі мәселелер бойынша қажетті құқықтық көмек көрсетуде.

Жобаның басты мақсаты – құқықтық қолдауды өңірдің әрбір тұрғыны үшін барынша қолжетімді ету, өзекті мәселелерді дер кезінде анықтау және оларды шешу жолдарын табуға көмектесу. Сонымен қатар құқықбұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ қоғамдағы құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға ерекше назар аударылады.

Керуеннің бір күндік жұмысы барысында облыс орталығының жүзден астам тұрғыны заң аясында маңызды кеңестер алды. Азаматтар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол қозғалысын ұйымдастыру, көші-қон заңнамасы, отбасылық-тұрмыстық қатынастар және басқа да өзекті мәселелер бойынша жүгінді.

Мұндай өзара іс-қимыл форматы халық пен мемлекеттік органдар арасында ашық диалог орнатуға ықпал етеді.

Профилактикалық керуен облыстың елді мекендерінде өз жұмысын жалғастырады. Бұл тұрғындарға уақыт жоғалтпай, кәсіби кеңес алып, өздерін толғандырған мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Осындай бастамалар құқықтық тәртіпті нығайтуға және өңірдің әрбір тұрғыны үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-khantau/press/news/details/1247527?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version