Батыс Қазақстан облысында Мемлекеттік қызметшілер күніне орай жиын өтті. Салтанатты шара барысында Тау-кен өнеркәсібіндегі және жару жұмыстарын мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы С.И. Дүйсенғалиева кәсіби міндетін үлгілі атқарғаны үшін БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының Алғыс хатымен марапатталды.
Ведомство басшылығы қызметкерді төл мерекесімен құттықтап, оның жоғары біліктілігі мен жауапкершілігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, сала үздігіне мемлекеттік қызметтегі қажырлы еңбегі үшін ризашылық білдіріп, толағай табыстар тіледі. Жиын қатысушылардың естелік суретке түсуімен түйінделді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1246767?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау