[15:29, 29.06.2026] .: 📩 Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 82-бабына сәйкес салық органдары салық төлеушілерге ақпараттық-ескертпелік сипаттағы хабарламалары жолдайды. Олардың негізгі мақсаты – салық төлеушілерді салық міндеттемелері, анықталған сәйкессіздіктер немесе белгілі бір әрекеттерді орындау қажеттілігі туралы уақтылы хабардар ету, сондай-ақ бұзушылықтарды өз бетінше жоюға немесе тиісті түсіндірмелер ұсынуға мүмкіндік беру.
Мұндай хабарламаларға мыналар жатады:
✅ есептелген мүлік салығының сомасы туралы;
✅ салық органы есептеген салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомасы туралы;
✅ қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін есептелген төлем сомасы туралы;
✅ камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы;
✅ тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша айналымның іс жүзінде жасалғанын растау туралы;
✅ салық органында тіркеу есебіне қою туралы;
✅ оңайлатылған тәртіппен қайтаруға расталған қосылған құн салығының асып кету сомасы туралы;
✅ тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті алу туралы.
📌 Хабарламаларды орындау мерзімі.
Ақпараттық-ескертпелік сипаттағы хабарламаларды орындаудың жалпы мерзімі, егер салық заңнамасында өзгеше көзделмесе, олар табыс етілген күннен кейінгі 30 жұмыс күнін құрайды.
✅ тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша айналымның іс жүзінде жасалғанын растау туралы хабарлама табыс етілген күннен кейінгі 10 жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Ал оңайлатылған тәртіппен қайтаруға расталған қосылған құн салығының асып кету сомасы туралы хабарлама мен тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті алу туралы хабарламаның орындау мерзімі белгіленбейді, өйткені олар ақпараттық сипатқа ие.
📌 Салық органының хабарламаларымен уақытылы танысып, оларды белгіленген мерзімде орындау салық берешегінің туындауына, салықтық әкімшілендіру шараларының қолданылуына және салық органдарымен туындауы мүмкін даулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1249912?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау