⚜️ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында әйелдерге, жүкті жұмыскерлерге және отбасылық міндеттері бар адамдарға берілетін қосымша еңбек кепілдіктері мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары ҚР Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында өткізілді.
🔶 Кездесуді Департаменттің «Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің» басшысы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы жүргізіп, оған аудан және қала филиалдарының басшылары, сондай-ақ өңір кәсіпкерлері қатысты.
🔶 Кездесудің негізгі мақсаты – жүкті әйелдерге, балалары бар жұмыскерлерге және бала күтімі жөніндегі демалыста жүрген қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негізгі еңбек кепілдіктері жан-жақты түсіндіру және еңбек қатынастары саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыру. Сонымен қатар, еңбек қатынастары саласындағы заң талаптарын сақтау, жұмысқа қабылдау кезінде кемсітушілікке жол бермеу және қызметкерлерге қолайлы еңбек жағдайларын жасау мәселелері туралы ақпарат берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1248109?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау