2026 жылғы 1 шілдеден бастап елді мекендерді абаттандыруға қатысты жаңартылған қағидалар қолданысқа енгізіледі.
Жаңа талаптарға сәйкес, жеке тұрғын үй иелері өз үйлеріне іргелес аумақтың тазалығын қамтамасыз етуге міндетті. Аталған аумақта қоқыс, құрылыс қалдықтары, қураған шөп, арамшөп және ұзақ уақыт сақталған заттардың жиналуына жол берілмеуі тиіс.
Құқық бұзушылық анықталған жағдайда жауапкершілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаралады. Айыппұл мөлшері құқық бұзушылықтың нақты құрамына және қолданылатын заң бабының талаптарына байланысты белгіленеді.
Маңызды: әлеуметтік желілерде тараған «әр үйдің дәл 5 метр аумағы тазаланбаса, міндетті түрде айыппұл салынады» деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Өйткені мұндай нақты талап Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 3 маусымдағы бұйрығында тікелей көрсетілмеген. Құжатта негізгі міндет – үйге іргелес аумақты күтіп ұстау, қоқыс пен түрлі заттарды үйіп сақтамау екені белгіленген.
Негізі: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 3 маусымдағы бұйрығы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1250057?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау