Маңғыстау облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының ұйымдастыруымен автогаз құю және толтыру бекеттерін пайдалану қауіпсіздігіне арналған жиын өтті.Іс-шараға облыстық Полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар мен газ тарату орындарының өкілдері қатысты. Кездесуде тиісті нысандарда тұрмыстық баллондарды толтыруға тыйым салу және еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселелері қаралды. Сонымен қатар, заңнама талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес тиісті құқықтық шаралар қолданылатыны қатысушылардың назарына ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1248115?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау