Аудан әкімі Шенцов көпірінің құрылысын тексерді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Серік Құдабай Шенцов көпірінің құрылыс барысымен танысты.
Құрылыс алаңында салалық бөлімдердің басшыларымен бірлесіп, мердігер ұйым – «Тұран Строй» ЖШС өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Кеңес барысында жобаны іске асырудың қазіргі кезеңі, құрылыс жұмыстарының қарқыны және алдағы жоспарлар талқыланды.
Бүгінгі таңда мердігер ұйым үш көзді су өткізу құбырының монтаждау жұмыстарын толық аяқтап, топырақты қабаттап нығыздай отырып, кері толтыру жұмыстарын жүргізді. Негізгі ірі тюбингтің іргетасы бетондалып, төртбұрышты темірбетон құбырының барлық конструкциялары орнатылды. Қазіргі уақытта бетон алаңын салуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының белгіленген мерзімде, әрі сапалы орындалуының маңыздылығын атап өтіп, жобаның жүзеге асырылуы тұрақты бақылауда екенін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1249239?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version