Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Жастар ресурстық орталығы және Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, аудан аумағындағы суға түсуге рұқсат етілмеген орындарда кең көлемді профилактикалық іс-шара өткізді. Профилактикалық жұмыстар барысында азаматтарға рұқсат етілмеген орындарда шомылудың адам өмірі мен денсаулығына төндіретін қауіптері түсіндірілді. Сонымен қатар, демалушыларға су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтау, балаларды қараусыз қалдырмау және мас күйінде суға түспеу жөнінде ескертулер айтылды.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау