17 маусым күні Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Г.У. Кыстаубаева Атырау облысы әкім аппараты жанындағы «Азаматтарды қабылдау орталығында» азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында азаматтар тарапынан несие жүктемесін азайту, жеке нотариустың жүргізуіндегі мұрагерлік іс, сондай-ақ жеке сот орындаушыларының әрекеті (әрекетсіздігі) мәселелері көтерілді.
Әрбір мәселе бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме беріліп, нақты құқықтық кеңестер ұсынылды.
Сонымен қатар, азаматтарға өз құқықтарын қорғау тетіктері, дауларды заңды жолмен шешу тәртібі, сондай-ақ уәкілетті органдарға жүгіну рәсімі түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1249258?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау