Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері аудан аумағындағы суға түсуге рұқсат етілмеген орындарда қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында кең көлемде түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, рұқсат етілмеген жерлерде шомылудың адам өмірі мен денсаулығына төндіретін қауіп-қатері туралы ақпарат берілді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау