Патрульдеу барысында патрульдік полицияның №590 экипажының инспекторлары Айдын Жұмақанов пен Олжас Рахиянов жол жиегінде тоқтап тұрған автокөлікті байқайды. Жүргізушіге шұғыл түрде дөңгелегін ауыстыру қажет болған. Полицейлер бірден көмекке кірісіп, ақауды қысқа уақыт ішінде жойды.
Жедел көрсетілген көмектің арқасында жүргізуші жолын қауіпсіз жалғастырды.
Кейінірек Абай облысы Полиция департаментінің атына алғыс хат келіп түсті. Әйел жүргізуші полиция қызметкерлерінің кәсібилігімен қатар, адамгершілік пен жанашырлық танытқанын ерекше атап өтті.
«Қиын сәтте сіздер жоғары кәсібилік, адамгершілік және адамдарға деген шынайы жанашырлық көрсеттіңіздер. Сіздердің көмектеріңіздің арқасында мәселе тез шешіліп, мен жолымды қауіпсіз жалғастыра алдым», – делінген алғыс хатта.
Мұндай игі істер көп жағдайда жаңалықтар легінде көрініс таппай жатады. Алайда дәл осындай игі істер халықтың полицияға деген сенімін қалыптастырады. Ішкі істер органдарының қызметкерлері күн сайын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, қиын жағдайға тап болған азаматтарға да көмек қолын созып келеді.
Кейде қауіпсіздік көмекке мұқтаж жанның жанынан бейжай өтіп кетпеуден басталады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1249697?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау